Төтенше жағдай • 02 Сәуір, 2024

Алатауда қар көшті

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысында қар көшкіні жүріп, жолды жауып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алатауда қар көшті

Фото: qazaqstan.tv

Түрген – Батан ауылдарын жалғайтын автожолдың 23-ші шақырымында болған көшкіннің жалпы көлемі 200 текше метрге жуықтайды. Мамандардың мәліметінше, қираған нысандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір жолды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары күннің күрт жылынуына байланысты таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі жоғары екенін алға тартты.

«Алматы облысының аумағында Іле-Алатаудың оңтүстік беткейлерінде, яғни, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 қар көшкіні жүретін учаскелер анықталды. Негізгі қар көшкінінің түсуі ауа температура фонының жоғарылауынан және жаңбыр мен қар аралас мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады. Сондықтан тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз», дейді Алматы облыстық ТЖД басқарма басшысы Дәурен Азаматов.