Аймақтар • 03 Сәуір, 2024

Өңірде – төтенше жағдай

37 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының 4 ауданы мен Орал қаласында төтенше жағдай болса, сәуірдің 1-і күні бүкіл облыс аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Өңірде – төтенше жағдай

Төтенше жағдай өңірдегі су тасқыны қатеріне байланысты жарияланып отыр. Тасқынның алдын алу жұмыстарына облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов басшылық етеді.

Қазір өңірдің төрт ауданында бірнеше елді мекенге су кіріп, тұрғын үйлер бүлінді. Адамдар мен хайуанаттар қауіпсіз жерге көшірілген.

Енді бастауын Ресей аума­­ғы­нан алатын транс­шекаралық өзендердің деңгейі күрт көте­­ріліп келеді. Өңірде мұндай өзендер саны бесеу: Жайық, Шаған, Деркөл, Қараөзен мен Сарыөзен. Дәл қазір соңғы екі өзеннің суы арнасына толып ақты, бұл Қазталов пен Жаңақала аудандары аума­ғын­дағы 22 елді мекенге қауіп төндіруі мүмкін. Жергілікті билік орындары, халық бір кісідей жұмылып, қауіп­­­сіздік шараларын жасап жатыр.

Сондай-ақ Шаған, Деркөл және Жайық деңгейі де сәт санап көтеріліп барады. Кей жерде су деңгейі қауіпті көрсеткіштен де асып кетті.

Өңірде бүгінде 4 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көші­­ріл­ді. Бұлардың тең жарымы – балалар. Облыста жалпы саны 219 эвокопункт бар. Қазір облыста барлық дең­гей­де тасқыннан зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек ұйымдастырылып жатыр. Жолдардың, көпірдердің бүлінуінен «үлкен жермен» қарым-қатынассыз қалған ауыл­­дарға азық-түлік, керек-жарақ жеткізу жүйелі жүргізіліп отыр. Мысалы, Қаратөбе ауданындағы Сулыкөл, Үшана, Төлен, Темірбек, Қосбаз, Аққозы, Қор­жын, Ақтайсай ауыл­дары қазір аралда қалған. Бұған қоса Кейінгі күндері Теректі ауданына қарасты Подстепное ауы­лын су алып, жүзге жуық үйге қауіп төнген еді.

Кеше Батыс Қазақстан об­лысының әкімі Нариман Төреғалиев облыс халқына үндеу жа­­рия­­лап, қиын кезеңде сабырлық сақтап, бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды.

«Қадірлі жерлестер, бүгін Мемлекет басшысына об­лыс­­тағы жағдайды баян­да­дым. Президент өз тарапынан халыққа барынша көмек көрсетілетінін айтты. Зардап шеккендердің әрқайсысы мемлекет тарапынан берілетін көмектен қалыс қалмайды. Құтқарушылар, төтенше жағдай мамандары, коммуналдық қызметтер, күштік құрылымдар, волентерлер және тұрғындарымыз күн демей, түн демей су тасқынымен күресіп жатыр. Мен үшін жерлестерімнің амандығы – бірінші орында. Сондықтан тасқынның алдын алуға бағытталған барлық қажетті шаралар атқарылады», деді өңір басшысы.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше