Аймақтар • 03 Сәуір, 2024

Колледжде жасалған трактор

269 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарына айрықша назар аударылып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әді­летті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында да бұл мәселеге айрықша ден қойып, жұмысты жандандыру қажеттігін ­атап өтті.

Колледжде жасалған трактор

«Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек» деген Президент сөзінің астарында үлкен мән жатқаны рас.

Байзақ ауданында ор­на­ласқан №3 Байзақ кол­леджінде техникалық және кәсіптік білім беру мәселесі назардан тыс қалған емес. Білікті кадрлар орта буын мамандарды даярлауға білек сыбанып кіріскен. Ізденіс ізіне түскен шәкірттер мен оқытушылар ойлап тауып­ жатқан жаңалықтар да жет­кілікті. Білекке емес, білімге сенген шәкірттер бәсе­кеге қабі­летті маман ретінде қа­лып­тасуды көксейді.

Таяуда ғана колледждің «Автомобиль көлігіне тех­ни­калық қызмет көрсету, жөн­­деу және пайдалану» ма­ман­дығының өндірістік ше­бері Асхат Сүйінбеков пен кол­ледж студенті Әбдімо­мын Исмойлов бастаған қыз-жігіт­тер өндірістік сабақ бары­сында «Д-22» шағын трак­торы­ның сұлбасын құрас­тырып шығарды. Дерекке сен­сек, бұл тракторды ша­руа­шы­­лық жұмыстарға пайда­ла­нуға ­бо­лады екен. Тіпті шаруа қо­жа­лық басшылары да жаңа тех­никаның тиімділігі зор екенін айтыпты.

«Ұстаз бен шәкірттің бір­лесе атқарған жұмысының нәтижесінде пайда болған ша­ғын трактордың ауыл ша­руа­шылығы жұмыстарын же­ңілдетуге тигізетін пайдасы зор. Көз үйренген үлкен тех­­ни­каның көп жағдайда жы­лы­жай, саяжайлар және өнді­рістік қожалықтардағы жұмыстарды игеруге мүм­кін­дігі бола бермейтінін уақыт­­тың өзі дәлелдеп отыр. Мұн­дай кезде шағын трак­тор­лар шаруа азаматтың се­нім­ді серігіне айналатыны дау­сыз. Оған еш күмәніміз жоқ.

Сынақ жұмыстары кезін­де су жаңа шағын трактор тех­никалық қауіпсіздікті сақ­тау, шаруаның қаржысы мен уақытын үнемдеуде өзі­нің тиімділігін көрсет­ті. Трактордың басқару меха­низм­дері жеңіл автомобиль­дердің құрылғыларынан құ­­растырылған. Бұл да бір жа­ңалық қой», дейді колледж әдіскері Ләззат Хибатова.

Оның айтуынша, «Д-22» шағын тракторы са­ғатына бір тонна жүкті тасы­мал­дау­ға қауқарлы екен. Ал қоз­­ғалт­қыштағы мотоблок ажы­рат­қышы басқару тетігіне ор­натылған. Тех­никаның жа­нармай құю багіне үш литр­ге дейін май құюға бола­ды. Жалпы алғанда, жаңа трактор үнем тұрғысынан үлкен техникаларға қарағанда әлде­неше есе тиімді көрінеді. Аз шы­ғынмен көп жұмыс­ты тын­дыруға мүмкіндік туғызады.

«Шағын трактордың ­әле­у­­­­­еті жоғары екенін жұ­мыс ке­зінде байқап көрдік. ­Мұ­­ның «УД-2» қозғалтқышын­­да сегіз аттың күші бар. Сон­­дай-ақ техниканың шы­ғы­ны ­бір сағатта 1,5 литр жа­нар­­май­ға тең екенін айта кет­кен ­жөн. Жалпы, құрыл­ғының агре­гаттармен қос­қандағы салмағы бар бол­ғаны 250 килограмды құра­ды. Тракторды іс бары­сын­да сынап көрген кезде шаруа­лар­дың барлығы шағын техни­каның тиімділігі зор екенін тілге тиек етті», дейді ол.

 

Жамбыл облысы