Әлем • 04 Сәуір, 2024

Қытайда жер сілкінісі тіркелді

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін таңғы сағат 8:52-де Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайда жер сілкінісі тіркелді

Фото: КазТАГ

Зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2. MPV магнитудасы - 4.3. Жер сілкінісінің координаттары – 41,34° с.е. 78,74° ш.б. Тереңдігі - 10 км.

MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілген жоқ.