Қазақстан • 04 Сәуір, 2024

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстері ашылады

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Көлік министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстері ашылады

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен және Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігімен бірлесе отырып әрі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен АҚШ Федералды авиациялық әкімшілігімен ұшу қауіпсіздігі бойынша алдын ала халықаралық бағалауды (IASA) өткізу туралы келісімге қол қойды.

Құжатта өзара ақпарат алмасу, техникалық көмек және әлеуетті арттыру шараларын қоса алғанда, IASA алдын ала бағалау процесіне бағытталған бірлескен тәсілдер қарастырылған. Аталған келісім Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, Азаматтық авиация комитеті және Федералды авиациялық әкімшілігі арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді.

«Алдын ала бағалау шеңберінде IASA Федералды авиациялық Әкімшілігі авиакомпаниялары ұшуға өтініш берген, АҚШ-қа ұшатын немесе америкалық әуе компанияларының кодшер бойынша келісімшартына қатысатын елдердің азаматтық авиация органдарының ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық стандарттарын сақтауын бағалайды. IASA-ны алдын ала бағалау бұдан әрі Федералды авиациялық әкімшілігінің 1-санаттағы мәртебесін алуға бағытталған және тиісті әуе кемелері болған кезде Қазақстан мен АҚШ арасындағы отандық әуе компанияларына тікелей әуе қатынасын іске қосуға мүмкіндік береді», делінген Көлік министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.