Қоғам • 04 Сәуір, 2024

Астанада Өмірбек Байгелдіұлымен қоштасу рәсімі өтеді

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада Өмірбек Байгелдіұлымен қоштасу рәсімі өтеді

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Астанада аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының тұңғыш төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіұлының дүниеден өтуіне байланысты қоштасу рәсімі өтеді.

Рәсім 5 сәуірде сағат 10:00-де елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында жоспарланған.

Айта кетсек, жерлеу рәсімі сол күні сағат 11:30-да Ұлттық пантеонда болады.