Инновация • 05 Сәуір, 2024

«Turkic Metaverse» тұжырымдамасы

45 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің цифрландыру орталығын құру аясында метағаламдағы алғашқы конференция өтті. Мазмұнды іс-шараның мақсаты – «Turkic Metaverse» тұжырымдамасының қалып­тасуы мен даму әлеуетін жұртшылыққа көрсету.

«Turkic Metaverse» тұжырымдамасы

Метағалам – цифрлық әлем­де тараған ұжымдық виртуал­ды кеңістік. Бұл кәдімгі вир­туалды әлемнен әлдеқайда асып түседі. Өмірде көрініс тапқан бұл тұжырымдама цифрлық әлеммен әрекеттесу жолдарын өзгертуге мүмкіндік береді.

«Turkic Metaverse» жоба­сы – түркітілдес елдердің мәде­ниетін, тарихын және сәулетін бейнелейтін виртуалды кеңіс­тік құруға бағытталған. Мұны қолданушылар аймақтың бай мұрасымен танысып, түркі ел­дері арасындағы тұтастықты ны­ғайтады», деді «Astana Hub» басқарушы директоры Таңат Өскембаев.

Конференцияға Түркі мем­лекеттері ұйымы хатшылығы мен оған мүше елдер технопарк­терінің, соның ішінде «Astana Hub» (Қазақстан), «Bilkent Cyberpark» (Түркия), «High Technology Park» (Қырғызстан) және «Sabah Hub» (Әзербай­жан) өкілдері қатысты. Олар панельдік сессияда «Turkic Me­ta­verse» жобасының әлеуетін, метағаламды диалог пен ынты­мақтастық құру және білім алмасу алаңы ретінде пайдалануды талқылады.

Сондай-ақ конференцияға қа­тысушылар стартаптар мен тех­­нопарктер ұсынған иннова­циялық шешімдермен таны­сып, олардың өкілдері­мен тіл­десу­ге мүмкіндік алды. Әсі­ресе қо­нақ­тар алматылық 3D-суретші Фархад Нығматул­лин жасаған киіз үйге ерекше на­зар аударды. Мұнда мәдени мұ­раны сақтау мен таратуда­ғы метағалам­ның мүмкіндігі бейнеленген. Суретшілер­дің өз жұмыстарымен бөлісуге де­ген қызығушылығы метағалам­ның өнер мен цифрлық инно­ва­цияларды біріктіруде тамаша платформа бола алатынын дәлелдейді.

«Turkic Metaverse» жобасы пай­даланушыларға өзара қа­рым-қатынас орнату мен оқу тәжі­рибесін ұсынатын интерактивті 3D-ғалам – «Vargates» платформасында орналасқан. «Vargates» интерактивті 3D-ортада кездесуге, білім алмасуға және біре­гей контент жасауға мүмкіндік туғызады.

«Біздің мақсатымыз – адам­дарға интерактивті 3D-ортада өз білімдерімен бөлісуге мүмкін­дік беретін ашық стандарттар­ға негізделген кеңістік құру», дейді «DreamLight» директоры Александр Мазуренко.

«Vargates» платформасын сілтеме арқылы орнатып, «1st OTS Conference» локациясын таңдау арқылы оның орналас­қан жерін, технопарктерді және стартаптарды көріп, жақын танысу­ға болады. 

Соңғы жаңалықтар

Болмысы биік тұлға

Тағзым • Кеше

БАҚ пен тіл

Сұхбат • Кеше

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • Кеше