Сондай-ақ тұрғындардың қорасында тұрған 64 бас мал – 8 ірі қара, 45 ұсақ мал, 11 жылқы су жетпейтін қыр жерге шығарылған.
Алтындаламен іргелес жатқан Еңбек ауылынан да 3 адам эвакуацияланды. Бұл ауылда екі үйдің бақшасына су кірген.
«Ауылдың өзен жақ бетіне топырақ үйіліп, бөгет салынды. Қазір су жолы жабылды», деп хабарлады аудандық жедел штаб өкілдері.
Қостанай облысы