Отбасы • 08 Сәуір, 2024

Апамның мейірімі қазіргі аналарда сирек: Салтанат Байқошқарова өзегін өртеген өкініші туралы айтты

1305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал репродуктолог, эмбриолог Салтанат Байқошқарова «Алғашқы» бағдарламасында өзегін өртеген өкініші - әкесінің қазасы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Апамның мейірімі қазіргі аналарда сирек: Салтанат Байқошқарова өзегін өртеген өкініші туралы айтты

Ол отбасының тұңғышы болған, оған әкесі әрбір әріпті өзі үйреткен екен.

«Расында жоғалған жыл деген рас. Өйткені әкеме мен өте жақын болдым. Тұңғышы болдым. Ал апамның мейірімі қазіргі аналарда да, әжелерде де сирек. «Жалғызым», «жұлдызым», «жарығымнан тарағандар» деп мені ерекше жақсы көретін. Сонда әкем 1-сыныпқа барғанымда әр әріпті өзі жазып, үйреткен. «Еңбегіңмен, табандылығыңмен жетесің» деп әкем айтатын». деді ол.

Репродуктологтың айтуынша, әкесі дүниеден өткенде бір жыл бойы күйзелісте жүрген.

«Әкем қайтқан жылы бір жыл бойы күйзелісте жүрдім. «Мүмкін дұрыс емдетпеген шығармын» деп ойладым. Сол кезде күйеуім ұрысты. «Бір жыл болды, тоқтат, сен 40 жыл отасқан күйеуіңді емес, әкеңді жақсы көреді екенсің ғой» деп қатты айтты. Содан кейін басылдым», деді ол.