Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

СҚО-дағы Сергеев су қоймасында ағын қарқыны азая бастады

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сергеев су қоймасы - Есіл өзенінің 19 млн текше метр су өтетін ең үлкен су қоймасы. Бүгінге дейін оның плотинасынан өтетін судың биіктігі артып келді. «Казгидрометтің» хабарлауына қарағанда, бүгін таңертең ғана судың плотинадан асуы тоқтап, биіктік 415 см-ге жетті. Бұл 2017 жылғы рекордтық көрсеткіштен 77 см биік.

СҚО-дағы Сергеев су қоймасында ағын қарқыны азая бастады

Фото: qaz-media.kz

Қазір су қоймасындағы судың жалпы деңгейі жобаланған деңгейден 180 пайыз артып, 1248 млн текше метр су жиналып тұр. Өткен түнде ғана ол соңғы рет 5 см көтеріліп, одан әрі судың деңгейі биіктеуін тоқтатты. Қазір плотинадан асқан судың биіктігі түсе бастады. Есілдің салаларындағы судың көлемі де төмендеп барады. Мәселен, Бабықбұрлық өзенінің Гусаковка ауылының түбіндегі Есілге құятын суының төмендеуі – 17 см., Ақанбұрлық өзенінің Ковыльное селосына құятын суының төмендеуі – 4 см., Шарық өзенінің Андреевка селосының түбіндегі төмендеуі – 90 см түсті.

Ендігі сын Сергеев қаласының төменгі жағына түсіп тұр. Осы қаладан Есілдің Петропавлға тартқан жолындағы ауыл-селолардағы кейбір үйлердің су астында қалу қаупі бар. Бүгіннің өзінде су деңгейі осы бағыттағы Покровка селосында 411 см-ге, Новоникольский селосындағы деңгейі 82 см-ге көтерілді. Үлкен судың Петропавлға жетуі ертең-бүрсүгіндері күтіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы