Аймақтар • 09 Сәуір, 2024

Қарағандыда заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы прокуратурасының бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағандыда заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

Фото: gov.kz

Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық схемаға Халыққа қызмет көрсету орталығының, медициналық мекемелердің қызметкерлері және «көмекшілер» деп аталатындар қатысқан.

«Ақшалай сыйақылар үшін шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам заңсыз рұқсат берілген. Уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш берген кезде тұрғын үй иесінің жеке қатысуы мен келісімі талап етіледі, бірақ шетелдіктерді тіркеу заң талаптарын елемей жүргізілген. Сонымен қатар 2 электрондық-цифрлық қолтаңба заңсыз шығарылып, «eQonaq» ақпараттық жүйесінде шетел азаматтарының келуін тіркеу туралы 30-дан астам хабарлама беру үшін пайдаланылған», делінген хабарламада. 

Мұның барлығы электронды-цифрлық қолтаңба иелерінен жасырын жасалған.

Шетелдіктерді тіркеу бойынша заңсыз схемалар ел аумағына деструктивті тұлғалардың кіруіне мүмкіндік береді.

Аталған факті бойыша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.