Екеуі де дойбы ойнайды. Бұл ойынды атасынан үйренген. Тоғыз жасар Әмира Есенғұл дойбыдан екі рет ел чемпионы атанған. Сөйтіп, Қазақстанның спорт шеберлігіне үміткер болған.
Жақында 1-сыныпта оқитын Айару Есенғұл дойбыдан Қазақстан чемпионатына қатысып, үш медаль еншіледі. Дойбының классика түрінен бірінші жүлдені иеленіп, ел чемпионы атанды. Рапидтен екінші, блицтен үшінші орынға ие болды. Енді әпкесі Әмира екеуі 12 сәуірде Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатында бақ сынайды.
«Біздің отбасымызда дойбыны кәсіби түрде ойнайтын спорт шебері жоқ еді. Ал қыздарымыздың тек отбасымыздың ғана емес, елдің намысын қорғайтынына қуанып отырмыз. Олар жаттықтырушысы Бекжан Қабиевтің үйретуімен осындай жетістікке жетіп жүр», дейді әкесі Ернар Қаражанов.
Атырау облысы