Фото: gov.kz
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, аталған көлік медицинасы шарасы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
«Медициналық пойыз ауыл тұрғындарына медициналық зерттеп-қараулардың, диагностикалық қызметтердің, арнайы мамандардың кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді және емдеуге жатқызуға жолдама ала алады», деп атап өтті министр.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, медициналық пойыз 140 станцияға барады, онда 92 мыңнан астам адам зерттеліп-қаралып, емделеді, дәрігерлер 100 мыңнан астам қабылдау өткізеді.
Тасқын ахуалын ескере отырып, зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылады.