Қоғам • 11 Сәуір, 2024

Өтемақы төлеуді қатаң бақылайды

122 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы жұмысын жалғастырып жатыр. Соның ішінде жағдайы күрделі өңірлерге ерекше назар аударылып отыр. Кейбір елді мекендерде су тартыла бастағанымен, тұруға жарамсыз. Сондықтан тұрғындар үйлеріне қайта алмай отыр. Халықпен кездесуде депутаттар тасқын салдарынан болған шығындарға берілетін өтемақы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өтемақы төлеуді қатаң бақылайды

Депутаттар Еркебұлан Мәмбетов, Дмитрий Колода, Бақытжан Базар­бек Солтүс­тік Қазақстан облы­сындағы бірнеше елді мекенді аралап, су тасқынымен күрес жұмысының барысымен танысып қайтты.

Бүгінде Есіл ауданы Пок­ровка ауы­лын­дағы су деңгейі 1,5 метрден асып, қауіп төн­діріп отыр. Жағдай Есіл өзенін­­дегі мұздың жылжуына бай­ланысты қиындады. Өзен­нің көтерілуінен 24 үй су астында қалып, тұр­ғындары қауіп­сіз жерге көші­рілді. Депу­таттар олармен кездесіп, шы­ғын­дарды өтеуге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– Өтемақы Үкіметтің тиісті қаулы­сына сәйкес беріледі. Төтенше жағдай басталғаннан бастап 30 күн ішінде жер­гілікті мемлекеттік органдарға өтем­ақы туралы өтініш беру қажет, 10 жұ­мыс күні ішінде залалдың мөлшері ай­қын­­далады. Өтемақы төлеуге арнал­ған қа­ражат жергілікті атқарушы орган­дардың резервтерінде бар. Егер қосым­ша қаржыландыру қажет болса, ол мем­лекеттік резервтен беріледі. Мемлекет көмек көрсетеді, ешкім назардан тыс қалмайды, – деді Дмитрий Колода.

Депутаттар көршілес Николаевка ауылын­дағы қал­пына келтіру жұмыс­тарымен де танысты. Мұнда да 20-дан астам үйді су шайып, барлық тұрғын жер­гілікті эвакуациялау пунктіне жіберілді. Техникалар жұмылдырылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан соң депутаттар Қызылжар және Шал ақын аудан­дарына барып, Ново­ни­кольское, Қаратал ауыл­дары мен Сергеевка қала­сын­дағы су электр кешенінің жағ­дайы­мен танысты. Бүгінде су қойма­сындағы су деңгейі 4,2 метрден асады. Болжам бойынша 1-2 тәулік ішінде көп мөлшердегі су Петропавлға жетеді.

Мәжіліс депутаты Ай­дарбек Қожа­­назаров су астында қалған құлсары­лық­тардың жағдайымен танысты. Де­путат сапар барысында мүлкінен айы­рыл­ған халықпен кездесіп, мәселелерін талқылады. Бүгінде қала­ның 40 пайызын су шайып кеткен.

Депутат қазіргі уақытта қалада түрлі ауру тарау қаупі барын айтты. Осы бағытта жергілікті эпиде­мио­логиялық орталық тиіс­ті шаралар атқаруға тиіс. Құлсарыдағы су дең­гейі кейінгі екі күнде төмен­деген. Енді билік тарапынан шығынға ұшыраған халық­тың өтем­ақысы дұрыс берілуі қадағаланады.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында болып, осы өңірді паналауға мәжбүр болған құлсарылықтармен кездесті. Жергілікті мектепке көшірілген тұр­ғындардың хал-жағдайын білді. Мектеп ғимаратындағы эвакуациялық пунктті 700-ге жуық адам паналаған. Мектеп әкім­шілігі оларға барлық жағдай жасал­ғанын, оқушылар үшін сабақ онлайн форматқа көшірілгенін айтты.

Ал депутат Вера Ким қазір Павлодар облысында жүр. Ол Ақтоғай, Успен, Ертіс және Железин аудандарындағы су тасқынына қарсы іс-шара­лар атқарып жатқан қыз­мет­керлермен кездесті. Бұл – әкімдіктер, төтенше жағдай­лар қызметі, жұмыспен қамту­ды үйлес­тіру және әлеумет­тік бағдарламалар басқар­малары, білім, денсаулық сақ­тау, санитарлық-эпиде­мио­логиялық қызмет және басқа да мекемелер. Кездесу барысында жұмыстарды үйлестіруге, соның ішінде өңір­лер арасындағы техниканы тасымалдауға баса назар аударылды.

Депутат халықпен бір­қатар жиын өткізіп, мемлекет тарапынан көр­сетілетін көмектің алгоритмін түсін­дірді. Облыста барлығы 125 отбасы су тасқынынан зардап шеккен. Алдын ала есептеу­лер бойынша келтірілген шығын көлемі – 207,9 млн теңге. Бүгінгі таңда 71 отбасы тұрғын үйді жөндеу және қалпына келтіру үшін 38,3 млн теңге төлем алды. Су тасқынынан әлеуметтік нысандар зардап шеккен жоқ.