Қоғам • 11 Сәуір, 2024

Қазақ тілін үйренеді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің док­торанты Асылтас Қалте­но­ва шетелдіктерге қазақ тілін үйренуге кө­мек­те­сетін «Sana» қосымшасын әзірледі.

Қазақ тілін үйренеді

Бірегей қосымша қазақ тіліндегі күнделікті қолдануға ар­нал­ған диалогтер мен олар­ға грам­ма­­тикалық толық­ты­ру­ды ұсы­­нады. Жобаны Еура­зия ұлт­тық университеті «Jana Asu» гранты есебінен қар­жы­ландырды. Ғалым­дар қо­сым­ша­ны келесі жылы қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.

«Елімізде қазақ тілін үй­рен­гісі келетін шетел­діктер көп. Өкінішке қарай, біздің на­рықта жоғары сапалы веб-ре­сурстар мен қосымшалар аз. Қол­даныстағы бағдарламалар қа­зақ тілінің грамматикасы мен лексикасын ғана түсін­ді­реді, ал практикалық сөз­дер, сөз тіркестері, диалог­тер жоқ. Сондықтан осын­дай олқылықтың орнын толықтырғым келді. Менің мақ­са­тым – қазақ тілін халық­ара­лық дең­гейге шығару және мұндай қо­­сым­шалар ана тілімізді ше­тел­­дік қонақтар арасында дәріп­теу­ге септігін тигізеді деп санаймын», дейді А.Қалтенова.

Қазір ІТ-мамандары мен ға­лымдар мобильді қосым­­ша­ның прототипін және ке­шенді диалогтерді әзірлеуге кі­рісті. Бағдарламада грам­ма­тикалық және лексикалық түсі­нік­темелерден тұратын аудио нұсқаулықтар қарастырылған. Мобильді қосымша Android және iOS пайдаланушыларына қолжетімді болмақ.