Аймақтар • 11 Сәуір, 2024

Петропавлға су кіре бастады

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 16:00-де Петропавл су қоймасындағы судың көлемі таңғы 08:00-мен салыстырғанда 50 см-ге көтеріліп, биіктік 806 см-ге жетті. Бұл әлі қауіпті емес, қойманың сыйымдылығы 980 см-ге дейін шақталған. Алайда тоқтаусыз өсіп жатқан су көлемі қауіп төндіріп тұр.

Петропавлға су кіре бастады

Қаланың шетіндегі Заречный, Мичурино, Прибрежный кенттерінің көшелеріне су кіре бастады. Бұл аймақтардан тұрғындар мен олардың малдары көшірілген. Су енді Ойқала, Тері зауыты аудандарына жылжып келеді.

Басқа аймақтарда Есілдің суы қауіпті деңгейден төмендеп жатыр. Мысалы, Сергеевка қаласында 4 см-ге, Покровкада – 13 см-ге түсті.

 

Солтүстік Қазақстан облысы