Президент • 12 Сәуір, 2024

Президент апатты жағдайдың алдын алу кезіндегі олқылықтар туралы айтты

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылымның әлеуетін техногендік және табиғи апаттарды болжау, климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін барынша пайдалану маңызды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент апатты жағдайдың алдын алу кезіндегі олқылықтар туралы айтты

фото: Ақорда

«Апатты ғылыми тұрғыдан болжау, оның ықтималдығы мен әсерінің ауқымын дер кезінде бағалау өте маңызды. Су тасқыны, орман өрті және Алматыдағы жер сілкінісі осыны айқын аңғартты. Ашығын айтсақ, төтенше жағдайдың алдын алу ісінде айтарлықтай олқылықтар бар. Бұл – жылдар бойы шешімін таппаған мәселелер. Ең алдымен – білікті мамандардың тапшылығы. Тиісті ғылыми қорытынды сапалы жасалмайды. Сондықтан жұмыс тәсілін түбегейлі өзгерту керек», деді Президент. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Сейсмология институтының жағдайы да мәз емес екенін айтты. 

«Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қайта қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдадық. Оқу орнын материалдық-техникалық тұрғыдан толық жабдықтау керек. Сейсмология институтының жағдайы да мәз емес. Үкіметке осы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар дайындауды тапсырдым. Сондай-ақ сейсмологияны және сейсмикалық режимді бақылау құралдарын дамыту бойынша пайдалы ұсыныстар әзірленуге тиіс.