Аtyrauoil.official парақшасы бұл құрлықаралық зымыранды сынақтан өткізудің белгісі болуы мүмкін деген болжам жасап, жазба қалдырған.
«Бір жыл бұрын Астрахань облысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Капустин Яр полигонынан құрлықаралық баллистикалық зымыран да сынақтан өткен болатын. Сонда Қорғаныс министрлігі жазғандай, «зымыранның оқу-жаттығу оқтұмсығы Қазақстандағы полигондағы шартты нысанаға белгіленген дәлдікпен тиді», - деп жазылған парақшада.
Бұл жайтқа қатысты ресми ақпарат берілмеді.