Жылыой аудандық электр жүйесі торабының басшысы Марат Таңатарұлының айтуынша, Құлсары қаласында күн сайын 60-100 үй электр жарығына қосылып жатыр.
«Су тасқынына байланысты 5 сәуірде Құлсары қаласындағы 10 шағын ауданда жарық өшірілген болатын. Қазір су баспаған 500 үйге электр жарығы қосылды. Жағдайды жедел қалыпқа келтіру мақсатында уақытша трансформаторлар орнатылды. Жарықты қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін Құлсары қаласында 4 бригада іске кірісті. Бригадалар құрамындағы мамандар 8 арнайы техникамен тәулік бойы жұмыс атқарып жүр», деді Марат Таңатарұлы.