Фото: azattyq-ruhy.kz
Орал қаласы білім беру бөлімінен хабарлағандай, өңірдегі төтенше жағдай уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі осындай шешім қабылдады.
«15 сәуірден бастап қала мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесі онлайн форматта Bilimland.kz және Daryn.online платформаларында ұйымдастырылады. Оқушыларды техникалық оқыту құралдармен қамту жұмысы ойластырылып жатыр. Ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін үнемі қадағалау сұралады. Балабақшалар әзірге штаттық режимде жұмыс істейді», деп хабарлады ведомстводан.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарының мектептері мен Орал қаласындағы колледждер де онлайн оқиды.