Аймақтар • 16 Сәуір, 2024

Атырауда Жайық жағасындағы саяжай тұрғындарына көшу ұсынылды

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы Қайыршақты ауылдық округінде орналасқан саяжайлар тұрғындарына көшу ұсынылып отыр. Бұл туралы округ әкімі Шапхат Қалиевтың бірнеше саяжай қауымдастығының тұрғындарына жолдаған хатында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Жайық жағасындағы саяжай тұрғындарына көшу ұсынылды

Фото: azh.kz

Кейін бұл хат әлеуметтік желіде тарап, тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды. Осыған орай Атырау облысының жедел штабы тиісті түсініктеме берді.  

«Әлеуметтік желіде Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапхат Қалиевтың атынан жолданған хат тарады. Бұл хат шынында да «Колос», «Мұнай өңдеуші», «АтырауМұнайҚазГеология» бау-бақша серіктестіктеріне жіберілген. Аталған саяжайлар қорғаныш сызығынан тыс жерде, Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан. Мұнда топырақ эрозиясының ықтималдығы жоғары. Жағаны қорғау шахталарының құрылысы мүмкін емес. Осыған байланысты аталған бау-бақша серіктестіктерінің иелеріне хабар жіберілді», деді облыстық жедел штаб мүшелері.