Фото: Jaiyq.press
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңірдегі 13 эвакуациялық пунктте 948 бала болса, оның 345-і мектеп жасына жетпеген. Эвакуациялық орталықта студенттердің онлайн оқуы үшін компьютерлер, құлаққаптар және интернетпен жабдықталған оқу кабинеттері бар.
Жайық өзенінің бойында орналасқан Ақжайық, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласындағы 103 мектептің 75 мыңнан астам оқушысы қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Су тасқыны кезінде қашықтан оқытуға көшу мәселесі бойынша ата-аналар комитеттерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сұраныстар негізінде оқушыларды қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесі пысықталып жатыр.