Оқиға • 18 Сәуір, 2024

Адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Астанада ұсталды. Ол адам саудасымен айналысқаны үшін айыпталып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды

Фото: Видеодан скриншот|police_astana

Астана полицейлері 10 жыл бойы жасырынған 42 жастағы күдіктіні «Бөгет» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұстады.

«Қылмыскерді іздестіру жұмыстарына Ташкент облыстық ІІБ бастамашы болған. Оны Өзбекстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр», делінген қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.