Қоғам • 18 Сәуір, 2024

Тасқыннан зардап шеккендердің шығынын өтеу қағидаларын қайта қарау ұсынылды

269 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тасқын судан зардап шеккендерден біржолғы көмек бойынша құжаттар қарқынды түрде қабылданып жатыр. Алайда баспанасынан айырылған тұрғындар мемлекет тарапынан қажетті материалдық қолдау болмай қалуы мүмкін деп алаңдап отыр. Бұл мәселені сенатор Әсем Рахметова көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасқыннан зардап шеккендердің шығынын өтеу қағидаларын қайта қарау ұсынылды

Фото: senate.parlam.kz

Зардап шеккендермен кездесу барысында қираған немесе су басқан үйлердегі мүлікке қатысты залалдың мөлшерін дәлелдеу кейбір адамдарға қиынға соғатыны туралы сұрақтар жиі қойылады. Өз мүлкін ресми тіркеп үлгермегендер, сондай-ақ саяжайларда үй салғандар да қиын жағдайда қалып отыр.

«Су басқан елді мекендердегі үйлерде жалға тұрып жатқандар мемлекеттен берілетін біржолғы өтемақыға қол жеткізе алмайды. Есепшоттары бұғатталған тұрғындарға берілетін біржолғы өтемақы банктер тарапынан кредиттік қарызды жабуға ұсталып қалады. Сенат депутаттарымен кездесулерде эвакуация пункттеріндегі жергілікті тұрғындар аталған маңызды мәселелерді көтерді және республикалық деңгейде оң шешім іздестіру бойынша көмек көрсетуді сұрады», деді сенатор Әсем Рахметова.

Депутат осыған байланысты залалды өтеу қағидаларына өзгеріс енгізуді, атап айтқанда, су тасқыны кезінде толық қирау немесе жоғалту себебінен бағалау жүргізу мүмкін емес тұрғын үй үшін залалды өтеу тетігін әзірлеуді, сондай-ақ тұрғын үйден бөлек, құрылыстарға және мүлікке келген залалдарды, оның ішінде су тасқыны кезеңінде жоғалған залалды өтеуді енгізуді ұсынды.

«Саяжай учаскелерінде тіркелген және тұратын азаматтарға келген залалды өтеу тетігін қарастыруды, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келген залалды өтеуге құжаттарды беру мерзімін 30-дан 60 күнге дейін қайта қарауды, жеке не болмаса мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерде тұратын азаматтардың мүлкіне келген залалды өтеу тәртібін айқындауды ұсынамын. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде шоттары бұғатталған тұрғындар үшін арнайы шоттар ашу көзделсін», деп Әсем Рахметова депутаттық сауалын түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025