Мәдениет • 15 Шілде, 2025

Алмагүлдің жұлдызы жанды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь Республикасында «Витебскі­дегі Славян базары» XXXIV халық­аралық өнер фестивалі өтті. Атал­ған байқауға елімізден Жетісу облыс­тық Дәнеш Рақышев атындағы филар­мониясының әншісі Алмагүл Батталиева қатысты.

Алмагүлдің жұлдызы жанды

Әнші финалда «Веч­ность» компози­ция­сын орындап, көрер­менді талантымен тәнті етті. Көпшіліктің көңілінен шығып, қа­зылар алқасының жоға­ры бағасына ие болды. Өнерпаз екі байқау күні­нің қорытындысында 137 ұпай жинап, фестивальдың Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Алмагүл Батталиева – Алматы қаласының тумасы, дарынды жас әнші. Ерте жастан вокалдық қабілеті анық байқалған. 14 жасында П.И.Чайковс­кий атындағы Алматы музы­калық колледжіне оқуға түскен. Сонымен қатар Алмагүл бірнеше аспапты – аккордеон, фортепиано және укулелені еркін меңгерген.

Алмагүл – шебер орын­даушы ғана емес, сах­наға деген құрметі мен жауапкершілігі мол өнер­паз. Ол «Жас Қанат – 2023» фестивалі, «Алма­тым жүрегімде» халық­аралық байқауы сынды беделді музыкалық сындарда жоғары деңгей­де өнер көрсетіп, кәсіби шебер­лігін бірнеше мәрте дәлелдеген.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50