Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақтан көмек келіп жатыр. Бірақ мынау көмек шынында ерекше болды. Моңғолиядағы қазақ балалары өздерінің күнделікті тәттіге деген ақшаларын Қазақстан халқына деп жинаған.
- Өзін ғана ойлаған жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған адамдықтың белгісі.
Бір үй аш болса, бүкіл ауыл аш. Бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш.
Сыныбымыздың және де мұғаліміміздің атынан қазақстандық достарымызға 200 мың тұғрық (Моңғолия валютасы) ұсынамыз, - дейді видеода балалар.
Сөз соңында оқушылар қазақ халқының ұйымшылдығын сөз етіп, барша Моңғолия азаматтарын Қазақстанға көмектесуге шақырады.