Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында болған.
«Жайық өзенінің жағалауындағы бөгетті бекітуге дайындалған құм толтырылған қапшықтарды ұрлаған күдіктілер ұсталды. Күдіктілер – 4 ер, бір әйел. Ер адамдардың жасы 32, 37, 38 және 42-де, ал, әйелдің 34 жаста екені анықталды. Олар алдын ала ақылдасып, құм толтырылған қапшықтарды көлікке тиеп тасыған», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір күдіктілерге қатысты жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.