Бокс • 23 Сәуір, 2024

«Бірін-бірі аямайды». Мырзағали Айтжанов боксшылардың бірлескен жаттығуы қалай өткенін айтты

1364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысындағы Алма-Тау оқу-жаттығу базасында бокстан Қазақстан құрамасы мен шетелдік боксшылардың бірлескен жаттығуы өтті. Бірлескен дайындыққа ел боксшыларымен бірге Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Куба мемлекеттерінің чемпиондары да қатысты, деп жазады Egemen.kz.

«Бірін-бірі аямайды». Мырзағали Айтжанов боксшылардың бірлескен жаттығуы қалай өткенін айтты

Фото: kfb.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов бірлескен жаттығу жиынын жоғары бағалады.

Бапкердің айтуынша, әр ел спортшыларының жеке жаттығу күні белгіленген. Тек дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері бес ел боксшылары рингте жүздескен.

«Рингтің сыртында боксшылар бір-бірімен дос екенін ұмытпайды. Бұл - спорттың қағидасы. Бәсекелестік бар, шаршы алаңда бірін-бірі аямайды. Кеше залдың біразы қан болды. Спортшылардың мұрындары, қабағы қанады. Жаттығу барысында боксшылар қарсыластарын зерттеп алады. Бұл Олимпиадада өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Мұндай жаттығу практикамызда бірінші рет өтіп жатқан жоқ. Сонау Рио, Лондон олимпиадасына осылай дайындалдық. Бұған дейін әлемнің алпауыт бокс державалары Бразилия, Куба, Ресей, Англия, Германия, Украина сияқты елдермен талай біріккен жаттығу жиыны болған», деді Мырзағали Айтжанов.