Есірткі • 24 Сәуір, 2024

Өскеменде есірткі жарнамалаған ерлі-зайыптылар ұсталды

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО полицейлері жедел-іздестіру жұмыстары барысында есірткі жарнамалады деген күдікке ілінген ерлі-зайыптыларды ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Өскеменде есірткі жарнамалаған ерлі-зайыптылар ұсталды

Фото: polisia.kz

Олар Өскеменде есірткі затын сатумен айналысатын сайттардың қағаздарын жапсырумен айналысқан.

Жедел уәкілдер күдіктілерді қылмыс орнынан ұстаған. Заттай дәлел ретінде 41 жастағы ер адам мен оның 28 жастағы жұбайынан есірткі жарнамасының жапсырмалары тәркіленген.

Күдіктілердің айтуынша, олар бұл қағаздар арқылы есірткі заттарын жарнамалағандары туралы білмеген. Әйел адам бұл «тапсырманы» жұмыс берушіден алғанын, ол оған брошюраларды қала бойынша жапсыру керек екенін түсіндірген. Келіншек бұл жұмысқа өзінің күйеуін де тартқан.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын тұтынуға көндіргені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Айыбы дәлелденген жағдайда ерлі-зайыптылар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Болмысы биік тұлға

Тағзым • Кеше

БАҚ пен тіл

Сұхбат • Кеше

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • Кеше