Білім • 25 Сәуір, 2024

Елдің барлық мектебінде бірыңғай сынып сағаты өтеді

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы - мектеп түлектері, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елдің барлық мектебінде бірыңғай сынып сағаты өтеді

фото: ortcom.kz

Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады.

«Су тасқыны жағдайына және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектепте 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтан ұйымдастырылған балалар үшін сынып сағаттары онлайн форматта өтеді», деді Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.

11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 19-22 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихан аяқталғаннан кейін өтеді. 

Айта кетейік, 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар

Болмысы биік тұлға

Тағзым • Кеше

БАҚ пен тіл

Сұхбат • Кеше

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • Кеше