Оқиға • 01 Мамыр, 2024

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО-да көпқабатты үйлердің бірінде пәтер өртенді. Құтқарушылар 5 тұрғынды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

Фото: ҚР ТЖМ

Өскемен қаласында бес қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенді. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндіру бөлімшелері 5 тұрғынды эвакуациялады, олардың біреуі бала. Жалын 3 шаршы метр аумаққа тарады.

«Бұл ретте ТЖМ тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрап отыр. Сондай-ақ өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Халыққа жылу сыйлаған

Еңбек • Бүгін, 08:12

Бағаны өсіруге негіз жоқ

Инфляция • Бүгін, 08:03

Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

Саясат • Бүгін, 07:58

Жер берудегі заманауи формат

Саясат • Бүгін, 07:48

Фокус, команда және нәтиже

Саясат • Бүгін, 07:45