Аймақтар • 03 Мамыр, 2024

Атыраудағы Махамбет ауданына 30 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Махамбет ауданына азық-түлік, өзге заттар бар 30 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Атыраудағы Махамбет ауданына 30 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Фото: Видеодан алынған скрин

Махамбет ауданындағы гуманнитарлық көмек штабының жетекшісі Жексенбай Пазуловтың мәліметінше, осы кезге дейін 30 тонна гуманитарлық көмек қоры жинақталған.

«Күнделікті тұрмысқа қажетті заттар мен бүлінбейтін өнімдер Атырау қаласынан жеткізіліп жатыр. Бір айда штабқа жеткізілген 30 тонна гуманитарлық көмектің арасында 100 кило киім бар. Гуманитарлық жүк ауданға аптасына екі рет жеткізіледі. Біз жүкті өзіміз түсіреміз. Азық-түліктің жарамдылық мерзімін тексереміз. Түріне байланысты сұрыптаймыз. Жинақталған қорда бірінші кезекте тұтынатын құтыдағы су, ұн, күнбағыс майы, қарақұмық, сәбилерге арналған гигиеналық жөргектер және басқа да қажетті заттар бар», деді Жексенбай Пазулов.