Футбол • 06 Мамыр, 2024

Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағылшын футбол Лигасының келісімін алғаннан кейін Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» (Wycombe Wanderers) ағылшын футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі әрі серіктесі болды, оның негізінде 3 жылдың ішінде Қазақстан мен Англияда филиалдар ашылып, әлемдік деңгейдегі футбол академиясы құрылады. Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады

Фото: Денис Тырин

«Қазақстан мен Англияда әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру менің жеке үлкен арманым еді, онда ең үздік әрі талантты жас футболшылар мен болашақ жұлдыздар тәрбиеленеді. Академияда оқу толығымен тегін болады, жас спортшылар еліміздегі және футболдың отаны – Англиядағы ең үздік жаттықтырушылардан оқып-үйренуге мүмкіндік алады», деп түсіндірді М.Ломтадзе.

Сондай-ақ ол футбол спортының шеберлікті шыңдауға зор әлеуеті бар бұқаралық ойын-сауық түрі екенін атап өтті.

«Біздің футболды заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдана отырып, инновациялық бизнес құрудағы менің тәжірибемді пайдаланып, жаңа деңгейге көтеруге болатынына сенімдімін. Біз Қазақстан футболы үшін әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды тәрбиелей аламыз деп үміттенемін.

Кез келген футбол академиясы оқушыларының арманы – футбол клубының негізгі құрамында ойнау. Сондықтан футбол клубы жоқ академияның табысқа жетуге мүмкіндігі де жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда, сіз академияда жаттығып, икем-дағдыларыңызды жетілдіресіз, ал клубтың негізгі құрамында ойнауға мүмкіндік жоқ. Мен оны өзгертуді жоспарлап отырмын, өйткені клуб түлектерімізге мүмкіндік беруді көздейді, олар үшін клуб үлкен футболға жол ашатын орын болады», деді Михаил Ломтадзе.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024