Қылмыс • 07 Мамыр, 2024

Қазақстанның БАӘ-дегі дипломаты әйелін 10 жыл бойы азаптағаны рас па?

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиғаға қатысты еліміздің СІМ ресми өкілі жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанның БАӘ-дегі дипломаты әйелін 10 жыл бойы азаптағаны рас па?

Дерекке қарағанда, Қазақстанның БАӘ-дегі дипломаты шұғыл түрде елге қайтарылады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі әйелін соққыға жыққанын жазған болатын. Оның айтуынша, қазақстандық дипломат жұбайының әпкесіне де қол көтерген.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл қайтарып жатырмыз. Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады. Ол қызметінен босатылады», – деді ол.