Фото: Aibek Imankozhoyev
Бүгін сағат 10:35-те арматураны көтеру кезінде бағыттама кран «Времена Года» тұрғын үй кешенінің көлік тұрағына құлаған.
«Zoomlion жүк көтергіш кран China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясына тиесілі. Апаттың болжамды себебі – шамадан тыс жүктеме. Автокран тіркелмеген және жұмысқа рұқсат алмаған. Қорытындылары туралы қосымша хабарланады. Апаттың мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр», делінген Астана қалалық өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.