Қоғам • 10 Мамыр, 2024

Шымбұлақта жағдайы нашарлаған туристке құтқарушылар көмекке келді

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Демалыс күні 3 адаммен бірге 3450 метр биіктікке шыққан турист қыздың жағдайы күрт нашарлап, оны жерге түсіру үшін құтқарушылардың көмегі қажет болған, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымбұлақта жағдайы нашарлаған туристке құтқарушылар көмекке келді

фото: ҚР ТЖМ

Оқиға Іле Алатауындағы Шымбұлақ курортында болған. Турист қыздың жағдайы нашарлаған соң жанындағы адамдар құтқару қызметіне жүгінді.  

«9 мамыр күні 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 м) шыққан.
Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған. Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілді», деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар екі бойжеткенді Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырған.