Фото: pixabay
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы мәліметінше, шақырту сағат 14.50-де түскен. Биіктен құлағанын ескерген бірінші санатты жедел жәрдем дәрігерлері оқыс оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен.
Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қыз балаға жабық бассүйек-ми жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылғанын нақтылады. Ол қазір травматология бөлімінде жатыр, денсаулығы орташа ауыр деп бағаланып отыр.