Қоғам • 10 Мамыр, 2024

Тасқын зардабын жоюға қажетті барлық материал бар - министр

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ауқымды су тасқыны болған өңірлерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасқын зардабын жоюға қажетті барлық материал бар - министр

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге дейін азайған. Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 13-ке дейін азайды.

«Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шектелген абоненттер 4 есеге, ал Атырау облысында 3 есеге азайды. Солтүстік Қазақстан облысында апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қалған 5 мың абонентті электрмен жабдықтау су деңгейі төмендегеннен кейін өтінімдер бойынша қосылады», деді министр.

Төтенше жағдайды жоюға 9 мыңнан астам энергетик маман және 2 145 арнайы автотехника тартылған. 414 мобильді электр энергиясы көзі бар.

«Жақын арада әртүрлі кластағы 3 мыңнан астам электр беру желісін қалпына келтіру қажет. Зардапты жою үшін барлық қажетті материал бар», деп түйіндеді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.