Теннис • 10 Мамыр, 2024

Юлия Путинцева Римдегі турнирдің үшінші айналымына шықты

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева (41 WTA) Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юлия Путинцева Римдегі турнирдің үшінші айналымына шықты

Фото: © AFP7 / Global Look Press

Екінші айналымда отандасымыз америкалық теннисші Слоан Стивенсті (35 WTA) 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 15 минутқа созылды. Жеке кездесулердегі есеп бойынша Юлия алға шықты, есеп - 4:3.

Айта кетейік, 31 жастағы америкалық теннисші 2017 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жетті.

Енді Юлия Путинцева турнирдің үшінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен сынға түседі.