Фото: ҰОК
Халықаралық бокс бәсекесінде ел намысын олимпиадалық құрам да қорғайды.
Турнирде жеңу үшін әлемнің 11 елінен келген былғары қолғап шеберлері тер төгеді. Олардың қатарында: Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан, Қытай командалары бар.
Спорттық сайыс мынадай салмақ дәрежелері бойынша өтеді:
Ерлер: 46-48,-51,-54,-57,-60,-63,5,-67,-71,-75,-80,-86,-92,+92 келі;
Әйелдер: 45-48,-50,-52,-54,-57,-60,-63,-66,-70,-75,-81,+81 келі.
Қазақстан Бокс федерациясы «Елорда Кубогі» ІІІ жеңімпаздарына берілетін қаржылай сыйақы мөлшерін жариялады.
«Әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары беріледі», делінген федерация хабарламасында.
Бүгін, 13 мамыр 12:00-де басталатын бокс бәсекесінде рингке шығатын спортшылар да анықталды.
«Елорда Кубогі» ІІІ халықаралық турнирі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.