Қазақстан • 14 Мамыр, 2024

Су тасқыны: 5 мыңнан аса адам әлі де эвакуациялау пункттерін паналап отыр

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі су тасқыны жағдайы бойынша соңғы деректі ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқыны: 5 мыңнан аса адам әлі де эвакуациялау пункттерін паналап отыр

Фото: rgmedia.kz

Министрлік мәліметінше, республика бойынша 55 937 адам өз үйлеріне оралған. Ал, 5 333 адам әлі де эвакуациялау пункттерінде қалып отыр.

«11 255 тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 19,9  миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,8 млн қапшық және 1,5 миллионнан астам тонна инертті материал төселді», делінген хабарламада.