Қоғам • 15 Мамыр, 2024

Мәулен Әшімбаев «SENSITIVЕ» би театрының қойылымына барды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Елордадағы «Жастар» театрында «SENSITIVЕ» өнер ұжымы Александр Гриннің әйгілі «Алые паруса» повесінің желісі бойынша әзірленген «Рассекая волны» атты пластикалық перформансты көпшіліктің назарына ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәулен Әшімбаев «SENSITIVЕ» би театрының қойылымына барды

Фото: Н.Байбулин

 

Есту қабілеттері төмен өнерпаздар сахналаған қойылым көрермендерді ертегілер әлеміне жетелеп, өмірдің философиялық мәніне терең үңілуді және адамдар арасындағы қарым-қатынасқа жаңаша көзқараспен қарауды үндейді.

Спектакльге Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенатор арнайы барды. Палата Спикері театр әртістерінің шеберлігін жоғары бағалап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ортаға бейімдеуде және оларды оңалтуда өнердің атқаратын рөлі зор екенін айтты. Сондай-ақ ол елімізде аталған санаттағы адамдарды қолдауға ең жоғары деңгейде баса мән беріліп, бұл бағытта кешенді және жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар Сенат Спикері өздерінің қажыр-қайратымен барша көрерменді жігерлендіріп жүрген «SENSITIVЕ» би ансамблінің ұжымына және жобаның көркемдік жетекшісі, талантты жастардың дарынын шыңдап, оларды жаңа жетістіктерге жетелеп келе жатқан Ольга Ростовщиковаға алғыс білдірді.

«SENSITIVЕ» театры осыдан 18 жыл бұрын Петропавл қаласындағы есту қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернаттың базасында құрылған. Қазіргі таңда елімізбен бірге бірқатар шет мемлекеттерде де аты мәлім бұл өнер ұжымы халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты.