Фото: primeminister.kz
2024 жылғы наурызда есепке 142 мың бірлік автокөлік қойылған. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6% кем болып шықты.
Наурыз айында тіркелген көліктердің ішінде шыққан жылы 20 жылдан асатын автомобильдер үлесі көп – 35,2%, 3 жылдан аспайтын мерзімдегі жаңа автомобильдердің үлесі - 7,3% құрады.
«Қазақстанда 100 адамға 22,6 жеңіл автокөліктен келеді, ең жоғары көрсеткіш ШҚО-да – 100 адамға 39,1 автомобиль, ең азы Жетісу облысында – 100 адамға шаққанда 6,8 көліктен», делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктердің саны 5 408,1 мың екені анықталды.