Экономика • 17 Мамыр, 2024

Ұлттық қордың активтері 10 пайызға артты

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Мәжілістегі баяндамасында Ұлттық қор қаражатын басқару тиімділігі бойынша оң өзгерістер байқалғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық қордың активтері 10 пайызға артты

Фото: inbusiness.kz

Ұлттық қордың активтері өткен жылға қарағанда 10 пайызға өсіп, 65,7 млрд АҚШ долларын құраған.

«Кепілдендірілген трансферт 2022 жылы 4 трлн теңгеден 2023 жылы 2,2 трлн теңгеге (екі есеге дерлік) төмендеді. 2024 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт мөлшері жылына 2 трлн теңгеден аспайды», деді Қаржы министрі.

Ал «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 2024 жылы 1 балаға есептелген сома 100,52 долларын құраған.