Медицина • 17 Мамыр, 2024

Медициналық қызмет көрсету тетіктерін түбегейлі қайта қарау керек - Н.Жүсіп

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Медициналық қызмет көрсету тетіктерін түбегейлі қайта қарау керек - Н.Жүсіп

Фото: А.Байжұманов

Жүздесуге қатысушылар азаматтардың денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, сондай-ақ азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі мәселелерін талқылады.

Нұртөре Жүсіп еліміздегі денсаулық сақтау мәселесіне сенаторлар ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Олардың қатарында медициналық қызметтердің сапасы мен уақытында көрсету проблемасы, дәрілік препараттардың жетіспеушілігі және жаңа тұрпаттағы білікті медицина қызметкерлерін даярлау мәселелері бар.

«Медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыруға қарамастан оның жұмысындағы тиімділік мәселесін Президент бірнеше рет атап өткен еді. Депутаттық корпус Президенттің тапсырмасы мен халықтың ерік-жігерін сапалы орындау мақсатында Үкімет атынан сіздің министрлік қолданыстағы НҚА мен медициналық қызмет көрсету тетіктерін түбегейлі қайта қарауы тиіс деп санайды. Қажет болған жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы және уақтылы орындауға бағытталған кешенді шаралардың бәрі қамтылған тиісті құжаттар әзірленуі тиіс. Сенаторлар осы міндеттерді іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын», деді Нұртөре Жүсіп.

Ақмарал Әлназарова өз кезегінде денсаулық сақтау министрлігінде жүзеге асып жатқан сапалы медициналық көмекке жағдай жасауға бағытталған жұмыстар туралы айтып берді. Олардың қатарында фармацевтика саласындағы ғылыми әлеуетті дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен жеделдігін жақсарту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық базаны тұрақты жақсартуды көздейтін ауқымды істер бар.