Жемқорлық • 17 Мамыр, 2024

Маңғыстау облысында колледж директоры қызметкерлерінен 30 млн теңге жинап алған

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Бейнеу гуманитарлық колледжінің директоры бюджеттің ірі көлемдегі ақшасын иемденді деген айыппен сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында колледж директоры қызметкерлерінен 30 млн теңге жинап алған

Сотта оның 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылғы тамыз айлары аралығында қызметкерлерге сыйақы беру туралы бұйрықтар шығарғаны анықталды. Сотталушы тікелей кадр бөлімі басшысына нақты қандай қызметкерлерге сыйақы беру және оның мөлшері туралы бұйрықтар рәсімдеу туралы ауызша нұсқау берген.

- Колледж қызметкерлерінің бірқатары сыйақы ретінде өз есепшоттарына аударылған ақшалай қаражаттарының бір бөлігін сотталушы Ж-ға қолма-қол, ал бірқатары колледж бухгалтері арқылы қайтарған. Салдарынан сотталушы Ж колледждің бюджеттік қаражатынан 29 550 929 теңгені заңсыз иемденген, – делінген хабарламада.

Сот жаза тағайындау кезінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының өз кінәсін мойындауын, шын өкінуін, келтірген мүліктік залалды толық өтеуін, асырауында жас баласының барын ескерген.

- Сотталушы Ж ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 74-бабына сәйкес, асырауында жас баланың болуына байланысты тағайындалған жазаның орындалуы 4 жыл мерзімге кейiнге қалдырылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – делінген хабарламада.