Ер адамға қатысты үкім мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта шығарылды. Ол әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл мерзім оның жасын ескере отырып шығарылды.
Істің материалдарына сәйкес, зейнеткер алдымен жұбайын пәтерде ұрып-соғып, оны жіппен тұншықтырған, содан кейін қолымен қылқындырған. Олардың отасқандарына 48 жыл болған.
«Сот отырысында сотталушы өзінің іс-әрекетіне өкінетінін және жасаған қылмысын мойындайтынын айтты», деп атап өтті сотта.
Сот үкімі заңды күшіне енді.