Аймақтар • 23 Мамыр, 2024

«19-дың орнына 40 бала». Түркістан облысында тасымал талабын бұзған балабақшалар анықталды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласының прокуратурасы полициямен бірлесіп балалардың құқықтарын қорғау және оларды қауіпсіз тасымалдау бағытында рейд өткізді, деп жазады Egemen.kz.

«19-дың орнына 40 бала». Түркістан облысында тасымал талабын бұзған балабақшалар анықталды

Фото: qaz-media.kz

16 мамырда өткізілген рейд барысында аймақтағы 2 жекеменшік балабақша тәрбиеленушілерді тасымалдау талабын орындамағаны анықталды.

Олар рұқсат етілген 19 жолаушы нормасының орнына бір уақытта 40 баланы тасымалдап, талапты екі есе бұзған.

Өзге де осы мазмұндағы бұзушылықтар анықталып, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Түркістан қаласының прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын хабарлады.