Қоғам • 23 Мамыр, 2024

Иран басшысының қазасына орай көңіл айтты

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақ газеттері» серіктестігінің басшылығы Иран Президенті Ибрахим Раисидің қаза табуына байланысты аталған елдің Қазақстандағы елшілігі мәдени өкілдігіне барып, иран халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иран басшысының қазасына орай көңіл айтты

Серіктестік басшысы Дихан Қамзабекұлы Ибрахим Раиси сынды тұлғаның және Үкімет делегациясы мүшелерінің мезгілсіз қазасына орай барша қазақ халқымен бірге «Қазақ газеттері» ұжымы да қайғырып көңіл айтатынын жеткізді. Сонымен қатар ол Иран Президенті елінің өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңіріп, халқына қалтқысыз қызмет еткенін, оның ізін басатын елшіл азаматтардың иран халқынан көптеп шығуына тілектес екенін білдіріп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Иранның Қазақстандағы елшілігінің мәдени кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин марқұм Ибрахим Раисидің қашанда халқының ортасынан табылатын парасатты басшы болғанына, оның жетекшілігі кезеңінде Иран мен Қазақстан арасындағы әріптестік байланыстар нығая түскеніне тоқталды. Осынау орны толмас қазаға орай қайғырып көңіл айтқан ел басшылығына, барша қазақ халқына ризашылығын білдірді.