Қазақстан • 23 Мамыр, 2024

Мақсат – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту

85 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мамырдың 21-22 күндері Астанада қазақ тілінен «Жарқын болашақ» республикалық шығармашылық байқауы өтті. Олимпиадаға жалпы 5 000-нан аса оқушы қатысып, 2 000-ға жуығы іріктеуден өтіп, оның 200-і ақтық сында бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мақсат – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту

 

Жоба Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен және «Білім-инновация» ХҚҚ, «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен өтті.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы алғаш рет бұл іс-шараға қолдау білдірді. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қазақ тілін оқытудағы білім беру жүйесіне қолдау көрсету. «Жарқын болашақ» республикалық байқауының мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсаты қоғам жұмысымен үндес келеді.

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы биыл алғаш рет іс-шараға әріптес әрі демеуші ретінде қолдау білдірді. Қоғамның негізгі жұмыс бағытының бірі – қазақ тілін оқытудағы білім беру жүйесіне қолдау көрсету. Мектептегі әр баланың қазақша еркін сөз саптап, сауатты да көркем жазуды меңгеріп шығуына үлес қосу. Ол үшін мектептерде «Оқу сауаты» және «Жазу мәдениеті» жобаларын іске асырудың жоспарын дайындап жатырмыз. Ал «Білім» инновациялық лицейлерімен бірге ұйымдастырылған «Жарқын болашақ» олимпиадасы дәл біз діттеген мақсатқа, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік, қабілеттерін шыңдауға бағытталған. Балалардың қазақ тіліне деген ықыласын, мәдениетіміз бен әдебиетімізге деген құрметін арттыруға негізделген», дейді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы президенті Рауан Кенжеханұлы.

Іс-шараға «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры, «Jakko» және  «Almather» компаниялары да демеушілік көрсеткенін айта кетейік.